Рус / Қаз

Авторландыру

логин:    
пароль:    
   

Сізде логин мен пароль болмаса, Сізге тіркелуіңіз керек.

Мемлекеттік орган қызметтеріне түскен шағымдар саны

Солтүстік Қазақстан облысының әкімінің аппараты1
Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы мемлекеттік мекемесі1

Пайдаланушылық келісім

Солтүстік Қазақстан облысының «tirek.sko.kz» ресми сайтындағы «Бизнесті қорғау» арнайы бөлімін пайдаланудың негізгі шарттары, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы пайдаланушылар келісімі

1. Келісімнің мәні

Осы келісім Солтүстік Қазақстан облысы аумағында кәсіпкерлік қызметтерді іске асыратын (бұдан әрі — Пайдаланушылар) тұлғалар (жеке және заңды) араларында туындайтын, Солтүстік Қазақстан облысының «tirek.sko.kz» ресми сайтындағы (бұдан әрі — сайт) «Бизнесті қорғау» бөліміне жергілікті атқарушы органдар өкілдері тарабынан олардың құқықтары мен заңды мүдделерін нақтылы бұзу фактілері бойынша шағымдармен, өтініштермен және ұсыныстармен шыққан және аталған сайттың Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты тұлғасындағы Әкімшілігмен (бұдан әрі — сайт Әкімшілігі) қатынастарды реттейді.

Сайт әкімшілігі орналастырылған өтініштерді өңдемейді және олардың мазмұны үшін жауапкершілік ұстамайды.

Сайттың арнайы бөліміне өтініш орналастырған Пайдаланушы өтініште айтылған үшінші тұлғалардың ар-намысын, қадір-қасиетін, іскерлік беделін, басқа да құқықтары мен заңды мүдделерін қозғауы мүмкін, ақпаратты орналастырумен байланысты туындайтын өз мүдделерін дербес білдіреді және қорғайды.

Пайдаланушы Келісімнің шарттарымен келіскенін білдіріп, «Осы шарттармен таныстым және оларды қабылдаймын» деген түймешені басып келісімін білдірген сәттен бастап күшіне енеді.

2. Ұсынылатын қызметтер

Сайттың әкімшілігі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 26, ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің бірінші жалпы отырысының барысында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында Пайдаланушыларға сайт бөлімінде жергілікті атқарушы органдар тарабынан барлық заңсыз әрекеттер фактілері туралы өтініштерін орналастыруына мүмкіндік береді.

Пайдаланушылардың өтініштері облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының сәйкес мемлекеттік органдарымен қаралатын болады.

Пайдаланушы олармен орналастырған, ақпараттың іздеуіш және басқа да автоматтандырылған сервистермен және өзге-де тәсілдермен пайдаланыланылуы мүмкіндігін, яғни басқа адамдармен қаралуы мүмкін екенін ұғынуы және мұнымен келісуі тиіс.

3. Келісімнің шарттары

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221–3 ҚР 3аңның 3 бабы 2 тармағы сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар, Қазақстан Республикасының азаматтық процессуалдық заңнамаларымен белгіленген, сайтта қаралмайды.

Сайтта мыналарға қатысты, ақпаратты:

  • заңсыз, зиянды, қоқан-лоққы жасайтын, үшінші тұлғалардың адамгершілігін, ар-намысы мен қадір-қасиетін, құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорлайтын, жала жабатын, авторлық құқықты бұзатын, өшпенділікті, қатыгездікті, күш көрсетуді және/немесе адамдарды нәсілдік, этностық, жыныстық, әлеуметтік белгілері бойынша кемсітуді насихаттайтын, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық алауыздықты өршітуге ықпал ететін, жануарларды қинайтын не жауыздық көріністерінен тұратын және Қазақстан Республикасы заңнамасымен таратуға тыйым салынған басқа да материалдарды;
  • Пайдаланушы заң бойынша немесе қандай да бір келісімшарттарға сәйкес қолжетімді етуге құқығы жоқ материалдарды;
  • қандай да бір патентті, сауда маркасын, коммерциялық құпияны, копирайт немесе басқа да меншік құқытарын және/немесе үшінші тараптың авторлық және олармен сабақтас құқықтарын қозғайтын материалдарды;
  • арнайы түрде рұқсат берілмеген жарнама, ақпаратын, спамды, «пирамидалар», «бақыт хаттары» сияқты түрлі схемаларды және басқаларын;
  • кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламалардың жұмыс істеуіне нұқсан келтіруге, жоюға не шектеуге, рұқсат берілмеген қол жеткізуді жүзеге асыруға арналған компьютерлік кодтары бар материалдарды, сондай-ақ коммерциялық бағдарламалық өнімдердің сериялық нөмірлерін, логиндерді, парольдер мен Интернеттің ақылы ресурстарына рұқсат берілмеген қол жеткізуді алатын басқа да құралдарды;
  • басқа пайдаланушылардың дербес деректерін жинауға және сақтауға бағдарланған материалдарды;
  • жарнамалық, коммерциялық немесе насихаттық сипаттағы жазбалардың келісілмей берілуін;
  • ішімдікті, темекіні, есірткіні және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған басқа да заттарды жарнамалауды;
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын материалдарды орналастыруға жол берілмейді.

Сайтты Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ халықаралық келісімдерді қасақана бұзу мақсатында пайдалануға тыйым салынады.

4. Пайдаланушының құқықтары мен міндеттері

  1. Пайдаланушы мыналарға құқылы:
    1. сайтта заңдарды және өзге-де нормативтік-құқықтық актілерді бұзу, өтінішті қарайтын субъектілердің, лауазымды адамдардың жұмысындағы кемшіліктер туралы мәтіндік хабарламаны не олардың қызметі туралы сынды орналастыруға;
    2. қайталап өтініш жасауға, онда:
      • егер, оны қараудың белгіленген мерзімі өтсе, алайда Пайдаланушыға жауап берілмесе, алдында жолданған өтініштің уақытында қарлмағаны туралы хабарлауға;
    3. Сайт әкімшілігіне өз өтініші туралы мәліметтерді жариялау туралы өтінм жасауға. Үндемеген жағдайда олар әруақыт басқа Пайдаланушылар мен сайт бөліміне кірушілерден жасырын тұрады.

5. Пайдаланушы мыналарға құқылы:

  1. өтініште — тегін, аты-жөнін, пошта мекенжайын, электрондық пошта мекенжайын, телефонын көрсетуге міндетті. Заңды тұлға, бұдан басқа, ұйымның атауын, пшчта мекенжайын, электрондық пошта мекенжайын, ұйымның телефонын көрсетуі тиіс;
  2. шағым беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған мемлекеттік органның атауын немесе лауазымды адамдардың лауазымын, тегін, аты-жөнін, өтініштің негіздемесі мен нақты талаптарын көрсетуге міндетті. Өтініште мәселенің мәні нақты баяндалуға, қажет болғанда құқықтары мен заңды мүдделері бұзылуының фактісі орын алған уақыты, орынды, басқа да жағдаяттарды, сондай-ақ оның толыққанды әрі әділ қаралуы үшін қажетті өзге-де, ақпаратты қамтуға тиіс;

Пайдаланушы өтініште қамтылған, ақпараттың дәйектілігі үшін түгелдей дерлік жауапкершілікті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзіне алатынын түсінуге тиіс және сайттың арнаулы бөлімін жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің мүдделерін бұзу үшін пайдаланудан аулақ болуға міндетті.

6. Сайт әкімшілігінің құқықтары мен міндеттері

  1. Сайт әкімшілігі мыналарға құқылы:
    1. жекелеген хабарламаларды немесе жекелеген IP-мекенжайды немесе мекенжай топтарын, олардың иеленушілері немесе Пайдаланушылар осы Келісімнің талаптарын не Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамаған жағдайда біржақты тәртіппен алып тастауға;
    2. мыналарды алып тастауға:
      • иесі көрсетілмеген өтініштерді;
      • мәселенің мәні баяндалмаған өтініштерді;
      • осы Келісімнің нысанына жатпайтын мәселелер жөніндегі өтініштерді;
    3. өтінішті мәні бойынша қарауда құндылығы бар, бірақ басқа адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қозғайтын, сондай-ақ құпия мәліметтерді болмасе мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге-де құпияны қамтитын болса, өтініштегі жекелеген, ақпаратты басқа Пайдаланушылардан және сайт бөліміне кірушілерден жасыруға;
    4. қажетті жағдайда өтінішті қараудың белгіленген мерзімін ұзартуға;
    5. осы Пайдаланушы келісімінің жекелеген ережелерін біржақты тәртіппен өзгертуге.

7. Сайт әкімшілігі мыналарға міндетті:

  1. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушылардың келісімінсіз олар туралы жеке, ақпаратты таратпауға;
  2. өтініш жасау фактісін немесе ол туралы, оның жеке деректері мен басқа деректемелерді басқа Пайдаланушылардан және сайт бөліміне кірушілерден жасыруға. Пайдаланушының қалауы бойынша өтініш туралы мәліметтерді ғана жариялауға;
  3. жеке тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың атынан өкілдік ететіндердің келісімінсіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді не заңмен қорғалатын өзге-де құпияны таратпауға, жеке тұлғаның өтінішке қатысы жоқ жеке басы туралы деректерді орналастыруға жол бермеуге;
  4. үш жұмыс күні мерзімінде өтінішті мәні бойынша қарайтын мемлекеттік органды айқындаға;
  5. өтініш келіп түскен күнен бастап бір ай ішінде Пайдаланушыға оның өтінішін тиісті мемлекеттік органдардың қараған қорытындылары мен қабылдаған шаралары туралы, ақпаратты сайттың бөліміне орналастыра отырып, хабарлауға міндетті. Бұл ретте мұндай, ақпарат азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне залал келтіруі, мемлекеттік құпияларды не заңмен қорғалатын өзге-де құпияны құрайтын, ақпаратты қамтуы мүмкін жекелеген жағдайларда Сайт әкімшілігі мәселе қаралып, Пайдаланушыға тиісті жауап берілгені туралы, ақпаратпен ғана шектеліп, Пайдаланушыға берілген жауапты сайт бөліміне орналастырмау құқығына ие бола алады. Бұл ретте Пайдаланушыға «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңда айқындалған тәртіппен жазбаша жауап берілуі тиіс;
  6. өтінішті қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, Пайдаланушыға жауап берілетін жаңа мерзім туралы хабардар етуге міндетті.

Ескертпе:

Өтінішті қарау кезеңдері сайтта мынадай түстермен белгіленеді:

көк — өтініш қабылданды, бірақ қаралған жоқ;
жасыл — өтініш қаралуда жатыр;
қызғылт — орындалуда;
қызыл — қарау мерзімі өткен өтініш;
қара — өтініш қаралды, өтінім берушіге жауап берілді.